Батыс Африкадағы су тасқынынан 370-тен астам адам қазаға ұшырады
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Батыс Африкадағы су тасқынынан 375-тен астам адам қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ баспасөз баянына сілтеме жасай отырып, Утро. ру агенттігі хабарлады.
Жаңбыр маусымы басталған маусым айынан бері аймақта зардап шеккендер саны жарты миллионға жеткен. Биылғы жылы табиғат апатынан зардап шеккендер мен көз жұмғандардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр, делінген құжатта.