«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының «Самара-Шымкент» учаскесіндегі ақауларды мердігер өз есебінен жоятын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының «Самара-Шымкент» учаскесінің Төрткөл кенті мен Түркістан қаласы аралығындағы жолда ақаулар болуының негізгі себебі анкерлерді (арматурларды) орналастыру барысында бетонтөсеуішке орнатылған компьютер жүйесінің жаңылысуы болып табылады. Басқаша айтқанда, темірбетон жамылғысын төсеу кезінде анкерлерді орналастырудың арақашықтығын бақылап отыру мүмкін емес.
Бүгінгі күнге «Поско Инжиниринг» (Корея) мердігер компаниясы ҚР ИДМ автомобиль жолдар комитетінің ескертпесін мойындап, ақауларды өз есебінен жою жұмыстарын жүргізуде, қазіргі кезде жұмыс көлемі аяқталуға жақын. Контрактте көрсетілген тармақтарға сәйкес, ҚР ИДМ мердігерді ескертпелерді өз күшімен жоюға міндеттеді, олай болмаған жағдайда, яғни одан бас тартса, шығын банкілік кепілдеме сомасынан қайтарылатын еді. Жолды пайдалану барысында кейбір учаскелерде ақаулар пайда болғанын еске саламыз. Содан кейін, мердігер ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Оңтүстікжоллаборатория» РМБ өкілдерімен бірлесе отырып, цемент-бетон жамылғысында ақаулардың пайда болуының себептерін анықтау жөнінде зерттеулер жүргізілген болатын. Ақауларды зерттегенде олардың бастапқы себебі кейбір учаскелерде анкерлердің жоқ болып шықты. Жамылғыны қалпына келтіру шараларын жүргізу барысында барлық учаскелерде анкерлердің бар екендігі, бірақ жобада көрсетілген арақашықтықтан ептеген ауытқушылықтар болғандығы анықталды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.