«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталарды белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкімекті қаулысымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дəлізінің басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталар белгіленді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2016 жылғы 11 сəуір №204 Астана, Үкімет Үйі
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дəлізінің басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталарды белгілеу жəне «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дəлізінің басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.Осы қаулыға қосымшаға сəйкес «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дəлізінің басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квота белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дəлізінің басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ.