«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасына мониторинг жүргізуге үкіметтік емес ұйымдар тартылатын болды

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 12 наурызда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр экономикалық даму және сауда министрлігінің, қаржы министрлігінің, Дүниежүзілік және Азия даму банкілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың,

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасына мониторинг жүргізуге үкіметтік емес ұйымдар тартылатын болды

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын басқару және жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі кеңесші компаниялардың, сондай-ақ жол мердігерлік ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізді.

Басқосу барысында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум талқыға салынды. Талқылаудың мақсаты «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру барысын мониторингілеудің ең ашық үрдісін анықтау болып табылады. Бұл құжатқа үш тарап қол қояды: ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын бақылау жөніндегі компаниялар, «Азаматтық Құрылтай» қауымдастығына кіретін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар.

Меморандум шеңберінде Ашықтық пен тұрақты дамудың сарапшылық кеңестерінің желісі (АТДСК желісі) құрылады. Ол әлеуметтік-экономикалық, еңбек, экологиялық және сыбайлас жемқорлық жөнінде жіберілген заң бұзушылықтарды анықтауды, есепке алуды және шешімін табуды қамтамасыз етеді.

Мониторинг жерлерді сатып алу, қоғамдық шағымдар, құрылыс жұмыстарының қоршаған ортаға әсері, құрылыс және пайдалану кезінде суды қорғау, сондай-ақ еңбек мәселелері сияқты аспектілерге жүргізіледі.

Меморандум құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын қамтитын болады.

АТДСК желісінің жұмыс органдарының құрамына автомобиль жолдары комитетінің, компаниялар мен мемлекеттік емес ұйымдардың, өңірлік АТДСК Астана қаласындағы көпжақты органы ретіндегі ұлттық АТДСК, сонымен бірге азаматтардың жергілікті кеңестері енетін болады.

Жиналысқа қатысушылар меморандумның жобасын қолдады. Меморандумға түзетулер енгізілгеннен кейін тиісті органдарға келісімге жолданып, қол қойылатын болады.