«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолына қажетті жер телімдерін сатып алудың біріккен жоспар-кестесіне қол қойылды

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасын жүзеге асырудың қазіргі жағдайы және мердігерлік компаниялардың жұмысы туралы баяндама жасады. Сонымен бірге мәжіліс барысында жерді сатып алу мәселесі де талқыланып, нәтижесінде жерді сатып алудың біріккен жоспар-кестесіне қол қойылды.
Айта кетейік, жұмысқа 1271 дана жол-құрылыс техникасы мен құрал-жабдықтар жұмылдырылған. Жобада жұмыс істейтін мердігерлік компаниялардың жұмысшыларының жалпы саны - 4 087 адам, оның 3 145-і немесе 77 пайызы жергілікті тұрғындар.
Транзиттік дәліздің Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін бөлігі 448 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 224 шақырымды құрайтын 6 учаскеде жүргізілуде.