Батыс Еуропадағы ең биік тау бір метрге төмендеді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Батыс Еуропадағы ең биік тау Монблан төрт жыл ішінде бір метрге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат France Bleu радиостанциясына сілтеме жасап.

Батыс Еуропадағы ең биік тау бір метрге төмендеді

Радиостанция келтірген геодезистердің баяндамасына сәйкес, қазіргі уақытта таудың биіктігі 4 807,81 метрді құрайды, ал 2017 жылы Монбланның биіктігі 4 808,72 м болған. «Батыс Еуропаның төбесі осылайша 4 жыл ішінде бір метрге төмендеді», - деп атап өткен радиостанция.

France Bleu нақтылағандай, геодезиялық экспедиция 16-18 қыркүйек аралығында өткен. Мамандар таудың биіктігінің өзгеруі оның жоғары жағындағы қар жамылғысының азаюына байланысты деп түсіндіреді.