Батыс Еуропаны аптап ыстық буып тұр
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Еуропада аптап ыстық буып тұр, деп хабарлады Ресей Гидрометорталығы. Ауаның ысып кетуіне солтүстік-батыс Африкадан солтүстік-шығысқа қарай жайылған субтропикалық қуатты жылы леп себеп болды, деп хабарлады РБК.
Айталық, Лондонда корольдік отбасында сәби дүниеге келген күні, 22 шілдеде ең жоғары температура орын алды. Бүгін термометр бағаны күндіз 33,2 градусты көрсетті (бұрынғы рекорд 1989 жылы 32,4 градус болған еді). термометр бағаны
Сондай-ақ әсіресе Испанияда, Францияда және Германияда температура 37 градусқа дейін көтерілді. Ол оның орташа көрсеткіші кей жерлерде нормадағыдан 10 градустан асты. Қазір Еуропаның оңтүстігінде ғана емес аса ыстық аптап болып тұр. Францияда температура нормадағыдан 10 градусқа жоғары. Испания мен Германияда да күннің ыстығы бұдан сәл ғана төмен.