12:52, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Грузияда торнадо салдарынан 100 шақты үй зақымданды
ТБИЛИСИ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Батыс Грузияда алғаш рет торнадо тіркелді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.Метеорологтардың айтуынша, бұған дейін бұл өңірде тек дауыл болатын. Куәгерлердің айтуынша, аспан түнеріп, жер бетіне құйын үйірілген. Алай-дүлей қатты жел үйлердің шатырларын ұшырған. 15 минутқа созылған табиғаттың тосын мінезінің салдарынан, жүзден астам ғимарат зақымданған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті өкімет қазір келген шығынды есептеп жатыр.