«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ мен оның басшысына 7,8 млн. астам теңге айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасы «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-да «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Электр энергетикасы туралы» Заңдардың және Еңбек кодексінің 2014-2015 және 2016 жылдың басынан бергі кезеңіндегі сақталуына тексеру жүргізген кезде көптеген заңбұзушылықтардың беті ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мысалы, техникалық шарттарды беру жөніндегі өтініш үш жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс болса да, ол сегіз айға дейін созылған. Сол секілді келісімшарттарға негізсіз талаптар енгізілген. Сондай-ақ тұтынушыларға электр қуатын бергені үшін төлемақының 90 пайызын алдын ала төлеу міндеттелген. Электр жабдықтарын талапқа сай ұстау бағытында тиісті шаралар алынбаған, еңбек демалыстары берілген кезде қаржы уақтылы төленбеген, басқа да заңбұзушылықтар орын алған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ мен оның басшысына 7 млн. 825,493 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, ол толық өндірілді. Оған қоса компанияның 27 лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар