Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында С.Асылбековтің «Күзгі романсы» қойылды

Қойылымды ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов сахналады. Оқиға алдымен ерлі-зайыптылар Назым (Жұлдыз Мамедова) мен Сайлаудың (Еркін Тасболат) арасында өрбиді. Ерінің бөтен келіншектің үйіне кіріп бара жатқанын көрген Назым бұған шыдап тұра алмайды. Кикілжіңнің ақыры Сайлаудың үйінен кетіп қалуына әкеліп соғады. Көңілдесі Сюзаннаның (Анар Ізмұханова) шаңырағына келген Сайлау оған үйленбекші болады. Бірақ күтпеген жерден екінші әйелінен опық жеп, «өз үйіне қайтып келген» Сюзаннаның бұрынғы күйеуі Әлібек (Ринат Сабырғалиев) килігеді. Алайда оны Сюзанна қабылдамайды. Осы жерде Сайлаудың қызы хабарласып, анасының ауруханаға түсіп қалғанын айтып, әкесінің үйіне қайтуын өтінеді. Режиссер Сайлау мен Сюзаннаның өмірге көзқарастары ұқсас, «қиялилау». Ал ақша тауып, тек баюды ойлаған Назым мен Әлібек дүниеқоңыздықтарымен көзге түседі. Спектакль өмірде болатын отбасылық мәселелерді барынша шынайы көрсетеді.
Алдағы наурыз айында жас актер Жамбыл Заев «Құстар фестивалі» музыкалық спектаклін қоймақшы.