Батыс Қазақстан облыстық музейінде «мүсіндер шеруі» болды
ОРАЛ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мүсіндер шеруі» атты шара ұйымдастырылды.
Музей қорындағы түрлі мүсіндер көпшілік назарына ұсынылды. Музей қызметкері Самал Әбуованың айтуынша, көрмеге жиырмаға жуық туынды қойылды. Соның ішінде Шоқан Уәлиханов пен Махамбет Өтемісұлының мыс мүсіндерін 1988 жылы Алматыдағы өнер комбинаты сыйға тартқан. Ал «Дәруіш» атты туындының авторы да, қашан тапсырылғаны да белгісіз.
Көрмеге келушілерге оралдық мүсінші Рафаэль Шамсутдинов мүсін өнерінің қыр-сыры туралы әңгімелеп берді.