Батыс Қазақстан облысында 20 жастағы жігіт өзенге батып кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 20 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылы тұсында болды.
Сағат 18.50-де ауыл маңындағы өзенге 20 жастағы жігіттің батып кеткені жөнінде 102 телефонына хабар түскен. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.
Өңірде осымен 5 ересек адам, 2 бала суға кетіп отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 17 жасар жасөспірімнің суға кеткенін жазған болатынбыз. Бұл оқиға да Подстепный ауылында болған еді.