Батыс Қазақстан облысында 200-ге жуық киіктің өлексесі табылды
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында инспекторлар 200-ге жуық киіктің өлексесінің үстінен шықты,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мамырдың 20-ында сағат 11:20-да Жәнбек ауданы (Жақсыбай ауылдық округінің Айдарлы, Жұмаш және Борсы ауылдық округінің Вышка, Қайдар, Шалаш елді мекендері) аумағында киіктердің жаппай өлуі туралы ақпарат келіп түсті», делінген баспасөз хабарламасында.
Орман және аң шаруашылығы инспекторының киіктердің шоғырланған аймақтарына шолу жасауы барысында 200-ден астам киіктің өлігіне кезіккен. Олардың мәліметтеріне сәйкес, үй жануарларының ауруы және өлуі тіркелмеген.
Оқиғаның салдарын анықтау мақсатында комиссия құрылды.