09:15, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысында 28 адам қар құрсауынан құтқарылды
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 29 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуынан «Жымпиты-Ақсай» күре жолының Сырым ауданымен өтетін бөлігінде 16 адам мен 2 көлік қар құрсауында қалып қойды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сырым аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және әкімдіктің күшімен көліктер адамдармен бірге ашық жолға шығаралып, бет алған бағыттарына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бір күннің ішінде барлығы 28 адам мен 3 техника құтқарылды.