Батыс Қазақстан облысында 8 авиабомба жойылды - ТЖМ
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 8 авиациялық бомба жойылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлім етті.
Кеше кешқұрым Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне №2036 әскери бөлімшенің кезекшісінен БҚО-ның Бөкейорда ауданында 8 снаряд табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті.
«Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында табылған заттар ұзындығы 250 мм, диаметрі 40 мм болатын авиациялық бомбалар екендігі анықталды. «Арлан» арнайы жасағының құрылымдары оларды ашық алаңда жару әдісімен жойды.Зардап шеккендер жоқ», - деп анықтады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметтерінің 20 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.