Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды

«27 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Орал қаласында 27 шілдеде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ға жетеді.