21:40, 03 Мамыр 2020 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысында бірден 17 адам жазылып шықты
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бірден 17 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, бәрінің де жағдайы қанағаттанарлық.
Бақылау сынамалары олардың коронавирустан емделгенін көрсетті.
«Жазылғандардың 8-і – Тасқала ауданының, төртеуі – Орал қаласының тұрғындары. Сондай-ақ Алматы қаласынан 1, Түркістан облысынан 1, Ақжайық ауданынан 2, Бәйтеректен 1 адам бар», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.
Осылайша БҚО-да коронавирустан айыққандар саны 31-ге жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төрт тұрғынның жазылып шыққанын болатынбыз.