Батыс Қазақстан облысындағы Трекин ауылдық округінің атауы қазақшаланады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Трекин аулдық округінің атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облысындағы Трекин ауылдық округінің атауы қазақшаланады

«Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округі, Трекин ауылдық округінің Трекино ауылы Байқоныс ауылы болып өзгертілсін. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен маслихатының бірлескен шешім жобасында.

Құжат 31 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, бұған дейін Алматы облысына қарасты 10-ға жуық ауылдық округтің атауын өзгерту жоспарланып отырғанын хабарлап едік.