Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 160 түлекке білім грантын бөлді

  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мектеп бітірген 160 түлек жергілікті бюджет есебінен білім грантына ие болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңестен кейін белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Облыстық басқармалар мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан жиында өңір басшысы жергілікті бюджет есебінен білім гранттарын бөлудің маңыздылығын айта отырып, сұранысқа ие мамандықтар бойынша нақты тізім жасауды тапсырды.

Қазіргі таңда медицина, педагогикалық, ауыл шаруашылығы мамандықтарына сұраныс көп, сондай-ақ дінтанушы мамандардың да жетіспеушілігі байқалады. Осы тұста айта кету керек, облыстық бюджет есебінен бөлінген білім гранттары негізінде оқыған студенттер оқуларын аяқтағаннан кейін Батыс Қазақстан облысына келіп, еңбек етулері міндетті.

Кеңес қорытындысында облыстық бюджет есебінен 160 мектеп түлегіне білім гранттарын бөлу жөнінде шешім қабылданды. Ал грант иелерін жоғары оқу орнына құжаттарын тапсырған мектеп түлектерінің арасынан арнайы комиссия анықтайтын болады.

«Жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім гранттары бойынша білім алған түлектер болашақта облысымыздағы маман тапшылығын жоюға септігін тігізері анық. Сондықтан білім гранттарын бөлу мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарауды тапсырамын», - деді облыс əкімі А.Көлгінов.

 

Соңғы жаңалықтар