13:07, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысының халқы 626 мыңнан асты
ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының халқы 626,4 мың адамға жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Соның ішінде 285,5 мыңы немесе 45,6 пайызы - қала, 340,9 мыңы немесе 54,4 пайызы ауыл тұрғындары болып отыр.
Биылғы бес айдың өзінде облыс халқы 2106 адамға көбейді. Қала халқы 2553 адамға артса, ауыл тұрғындары 447 адамға азайды.
Облысқа келгендер саны 1,7 пайызға көбейсе, кеткендер 4,8 пайызға қысқарды.