18:49, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Батыс Қазақстан тұрғындарына тапсырған қарулары үшін 8 млн теңге төленді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс аумағында биылғы 10 сәуірден бері тұрғындардан заңсыз сақталып отырған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері азаматтардан 140 өтініш түсіп, 160 дана қару тапсырылды. Соның 14-і ұзын ұңғылы, үшеуі қысқа ұңғылы, 135-і тегіс ұңғылы, 8-і травматикалық қару болса, 1175 - оқ-дәрі, біреуі - артиллериялық снаряд.
Комиссия қару-жарақты жалпы сомасы 8 млн 034 мың теңгеге сатып алу жөнінде 140 шешім қабылдады. Қаржы толықтай төленді.
Еске сала кетейік, республикалық бюджеттен осы мақсатқа 8 млн 034 мың теңге бөлінген болатын.