Батыс Қазақстанда 100-ден астам киік судан шығарылды

None
Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-ның Казталов ауданында 100-ден астам киік судан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұлан Мамырбаевтың айтуынша, оқиға 14 наурыз күні Ақпәтер ауылдық округінде болды.

Оның сөзіне қарағанда, Қараөзенде мұз кетіп, ағыс күшейгендіктен, киіктердің судан шығуы қиындағаны туралы әлеуметтік желіде бейнежазба таралған.

«Аталған жайт бойынша резерват қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, аудан әкімдігінің өкілдерімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, мәселені анықтады. Қызметкерлер мұз үстінде жүрген киіктердің аман өтуіне көмектесті. Сол уақытта киіктердің мұз үстінде қалғаны немесе шығынға ұшырағаны туралы дерек тіркелген жоқ», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ұ.Мамырбаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Қаратөбе ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда 50-ден астам тұрғын үй суда қалып қойды.

Төтенше жағдай жарияланған Казталов ауданында қауіп сейілген жоқ.

БҚО-да көлік қатынасы үзілген ауылдардан 11 жүкті әйел шығарылды.


Соңғы жаңалықтар