Батыс Қазақстанда 12 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа бармақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында биыл 12 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа бармақ. Бұл туралы онлайн түрде өткен дәстүрлі тамыз мәслихатында облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өңір басшысы атап өткеніндей, алдағы оқу жылында облыс педагогтарына жаңа міндеттер жүктеледі.

Биыл облыстың педагогтар қатары 300-ге жуық жас маманмен толықты. Олардың басым бөлігі – Оралдағы білімнің қара шаңырақтары Махамбет Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан университеті мен Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің түлектері.

Сонымен қатар Қыздар педагогикалық университетінің түлектері ұстаздар қатарына қосылды.

-Қазіргі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатқанымен, қауіп әлі сейіле қойған жоқ. Тиісті шараларды қабылдай отырып, біз барлық жағдайға дайын болу керекпіз.

Қауіпті індет жұмыс тәртібімізге, қоғамдық өмірдің барлық саласына елеулі өзгерістер енгізді. Өзгерістер білім саласын да айналып өтпеді. Шыны керек, жаңа форматқа оқушылар, ата-ана, педагогтар және жалпы қоғам дайын болмады деуге болады. Осындай қиын жағдайда жұмыстарды тиісті

деңгейде ұйымдастыра білген педагогтарға, түсіністікпен қараған ата-аналарға алғыс айтуымыз керек, - деді әкім.


Биыл қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шаралары қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес төрт жыл ішінде педагогтар жалақысы 2 есе өсетін болады. Яғни 2023 жылға дейін жалақы жыл

сайын 25 пайызға көбейеді. Сондай-ақ мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұны

бойынша 30 пайыз және педагогикалық шеберлігі үшін жалақысының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемінде қосымшаақы төленеді.


Әкімнің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ауылдық жерде жұмыс істейтін, еңбек өтілі 25 жылдан асатын жоғары санатты ұстаз орта есеппен 300 мың теңге жалақы алады.

Індетке байланысты қашықтан өтуге көшу мұғалім еңбегінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Осындай күрделі

кезеңде ұстаздар абыржып қалмай, қашықтан оқытуды тез меңгерді. Түрлі интерактивтік көздер мен бағдарламаларды

тиімді пайдалана білді.

«Пандемия біздің еліміз үшін үлкен сынақ болғанымен, біз бұл қиындықтарды бірлігіміздің арқасында еңсеріп келеміз.

Ырыс пен ынтымақтың арқасында жаңа оқу жылын ойдағыдай бастап, жаңа табыстарға жететінімізге сенімдімін», деп түйіндеді ойын өңір басшысы.

Шара барысында педагогтар пікір алысып, облыстық байқаулар жеңімпаздары, үздік ұстаздар марапатталды.


Соңғы жаңалықтар