Батыс Қазақстанда 2 республикалық, 6 облыстық жол жабылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 2 республикалық, 6 облыстық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар Орал-Тасқала және Самара-Шымкент (266-526 км, Оралдан Ақтөбе облысына дейін) жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.
Сондай-ақ осы себеппен облыстық маңызы бар Орал-Кирсанов, Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы, Чапаев- Жаңақала-Сайқын, Барбастау-Ақжайық-Индербор, Үлкен
Шаған-Переметный және Аңқаты-Сарыөмір жолдары да жабық.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті жолаушыларға аталмыш бағыттарға жолға шықпау қажеттігін ескертті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен балықшының қыстақтан табылғанын жазған болатынбыз.