Батыс Қазақстанда 2009 жыл ауыл шаруашылығы жылы болып жарияланды

ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2009 жыл ауыл шаруашылығы жылы болып жарияланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, биыл алтын бесігіміз ? ауылды қолдауға баса көңіл бөлінетін болады. Ауыл шаруашылығы саласы үшін өткен жыл аса табысты болды. Әсіресе, жер баптап, тынымсыз тер төккен диқандар қауымы егіннен 15 жыл бойы болмаған өнім алды. Егін түсімі әр гектарға шаққанда 14 центнерден келді. Мол өнім алу жолында ылғал сақтау, тамшылатып суару технологиялары енгізілуде. Мал басы да тұрақты өсіп келеді. Айталық, ірі қара - 0,1, қой мен ешкі - 7,6, жылқы - 7 пайызға көбейіп отыр. Асыл тұқымды мал басын сақтап көбейтуге жыл сайын облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлініп келеді. Облыста 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатса, соның алтауы ауыл шаруашылығына қатысты.
Соңғы жаңалықтар