Батыс Қазақстанда 24 млрд теңгенің жол құрылысы жұмыстары атқарылмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл 24 млрд. теңгенің жол құрылысы жұмыстары атқарылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

ҚР Индустриялар және даму министрінің орынбасары Роман Склярдың өңірге жұмыс сапары кезінде мәлім еткеніндей, соның ішінде 16 млрд. теңге республикалық, 8 млрд. теңге жергілікті маңызы бар жолға жұмсалмақ. Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы қайта салынып жатқаны белгілі. Биыл осы жолдың 50 шақырымы іске қосылмақ. Жалпы құны 23 млрд. теңгеге есептелген бұл жол құрылысы алдағы жылы мәреге жетпек. Биыл сондай-ақ республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал, Қазталов-Жәнібек жолының 20 шақырымы күрделі жөнделмек. 123 км жол орташа жөндеумен қамтылады. Оған қоса жалпы ұзындығы 126 км жергілікті жолдар жөнделмек. Соның ішінде Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 15 шақырымы, Орал-Кирсанов, Чапаев-Жаңақала-Сайқын, Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жолдар бар. Барлық нысандарда 4 мыңдай адам жұмыс жасамақ.

Еске сала кетейік, өткен жылы облыста 23,5 млрд. теңгеге 290 км астам жол жөнделген болатын, бұл 2015 жылғыдан 5 млрд. теңгеге артық.

Соңғы жаңалықтар