Батыс Қазақстанда 300 шақырым жол жөндеуден өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында 300 шақырым жолды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстанда 300 шақырым жол жөндеуден өтеді

«2020 жылдың қорытындысы бойынша 42,3 млрд теңгеге 436 шақырым автожол жөнделді. 2021 жылы – 35,1 млрд теңгеге шамамен 300 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Биыл облыстың оңтүстік-батыс аудандарына автожолдар құрылысы жандандырылды. Бөлінген 20 млрд теңгеге 118 шақырым жол жөндеу жоспарлануда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біздің өтінішімізді қолдап, «Атырау-Орал» трассасын қайта жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді бастады», - деді өңір әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, 2021 жылы кезекте тұрғандар үшін Орал және Ақсай қалаларында - 324 пәтер, ауылдық жерлерде – 139 пәтер салынады.

«Оның ішінде жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 1042 пәтер салу жоспарланған. Сондай-ақ, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері үшін мақсатты бағдарлама бойынша 120 пәтердің құрылысы басталады», - деді Ғ. Есқалиев.