Батыс Қазақстанда 33 градусқа дейінгі аяздар күтілуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметі бойынша, желтоқсанның 20-сынан 21-іне қараған түні өңірде ауа температурасы 28-33 градусқа дейін күрт төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Батыс Қазақстанда 33 градусқа дейінгі аяздар күтілуде

БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау капитаны Азамат Нұрпейісовтің айтуынша, Орал қаласында бұл күндері 30-32 градусқа дейін суытпақ. Осыған байланысты өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, сондай-ақ өмірлік маңызы зор нысандар, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында сақтық шаралары қолға алынуда.

Айта кетейік, қазіргі кезде облыс орталығында күн жылы, температура тілі 1 градусты көрсетіп тұр.