Батыс Қазақстанда 49 елді мекенді су басу қаупі бар

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 49 елді мекенге көктемгі тасқын кезінде 49 елді мекенге су басу қаупі төнуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегеновтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, өңірде 109 елді мекенге су басу қаупі төнуі мүмкін болып есептелсе, соның 59-ында қауіп төмендеді. Біреуінде қауіп жойылды.

Оның сөзіне қарағанда, «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша биыл қардағы су қоры өткен жылға қарағанда, 16 пайызға жоғары. Өткен жылы қардың биіктігі 70 мм болса, биыл 83-ке жеткен.

Есесіне топырақтың қату көрсеткіші төмен.

Егер наурыз айының басында күн күрт жылынып, қар тез ерісе, кейбір елді мекендер мен үй аулаларына, жол учаскелеріне қауіп төнуі мүмкін.

«Биыл 3-4 наурызда өтетін «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың орталығы Оралда болмақ. Республика ТЖ вице-министрінің қатысуымен үлкен жиын өтеді. Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін 24 ақпаннан бастап барлық мүдделі ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті», деді Е.Өтегенов.

Қазіргі кезде қала мен елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 2 республикалық, 6 облыстық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар