Батыс Қазақстанда 5 мың гектардан астам далалы алқап өртке оранды - ТЖМ

СТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда 5 мың гектардан астам далалы алқап өртке оранды.

Батыс Қазақстанда 5 мың гектардан астам далалы алқап өртке оранды - ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, шілденің 28-і күні 14.47-де Жәнібек ауданына қарасты Тау ауылдық округінің 4700 га далалы алқабы жанды.

Тілсіз жау облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 8 адамы мен 1 техникасының сондай-ақ, жергілікті 15 тұрғынның көмегімен келесі күні кешқұрым ауыздықталды.

Құтқарушылардың айтуынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы күні сондай-ақ, 16 сағат 47 минутта өрт, Қазталов ауданы Болашақ ауылдық округінің 350 га аумағын шарпыды. Жалынның құшағына сонымен бірге, әрқайсысы 250 келі болатын 487 тең шөп түсті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Өрт шілденің 29-ы күні 18.15-те облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 1 техникасының және жергілікті 18 тұрғынның күшімен сөндірілді.