Батыс Қазақстанда 5 тонна пішен өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 5 тонна пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында болды.

Сағат 20.46-да пішеннің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 3 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірілгенімен, 5 тонна пішен жанып кетті.

Зардап шеккендер жоқ.

Өкінішке қарай, өңірде қысқа дайындалған пішеннің өртенуі жиілеп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста қора-қопсы мен пішеннің өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар