Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 58 баладан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері өңірде 263 бала індет жұқтырған.

Соның ішінде қыркүйекте - 4, қазанда - 5, қарашада - 102, желтоқсанда 78 бала ауырды. Қараша мен желтоқсанда 16 балабақша тәрбиеленушісі сырқаттанды. Балалардың бәрі де індетті отбасы мүшелерінен жұқтырды.

Облыста осы кезге дейін 10 030 адам дертке шалдықса, соның 8 661-і жазылып шықты. 183 адам өмірден озды.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарларында 299 адам емделіп жатыр. 28 адам жансақтау бөлімінде.

Еске сала кетейік, БҚО-ның бес ауданында карантин күшейтілді .