Батыс Қазақстанда 66 мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 66481 адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда 66 мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, соның ішінде 59186-сы «Спутник V», 1 мыңы «QazVac», 5360-ы «Hayat-Vax» вакцинасын қабылдады.

29354 адам ІІ компонентпен егіліп үлгерді.

Облысқа осы кезге дейін 138560 доза (89050-і – бірінші, 49510-ы – екінші компонент) вакцина жеткізілді.

Соның басым көпшілігі, 91200-і (60550-і – І, 30650-і – ІІ компонент) – ресейлік «Спутник V» вакцинасы.

2 мың доза (1 мыңы – І, жартысы – ІІ компонент) отандық вакцинамен 1 мың адам егілді.

Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген 45 мың доза (27500-і – І, 17500-і – ІІ компонент) «Hayat-Vax» вакцинасымен де тұрғындар егілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір аптада 650-ге жуық адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.