Батыс Қазақстанда 7 мыңнан астам тұрғын бір тәулік жарықсыз қалды - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Орал қаласы мен оның маңындағы аудандардың 7 мыңнан астам тұрғыны бір тәулікке таяу жарықсыз отырды,
None
None

 деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Мәселен, желтоқсанның 27-сі күні сағат 12.54-те электр өткізгіштерінің мұздануы мен қосалқы стансы жабдықтарының бұзылуы салдарынан Орал қаласының - 1500, Зеленов ауданының - 1200 және Тасқала ауданының - 5000 абоненті жарықсыз қалған.

Желтоқсанның 28-і таңғы сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, Тасқала ауданының Достық кентінен басқа жерлерде электр желілері қайта қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар