Батыс Қазақстанда 83 мұғалімнен коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 83 мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ 1 қаңтардан бері 139 оқушыдан вирус табылды.

Аумақтық бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 28 мектепте 39 сынып карантинге жабылды.

Коронавируспен ауырғандардың көпшілігі вирусты үй ошағында жұқтырған.

Облыста кеше вакциналау басталып, БҚО әкімінің орынбасары мен бас мемлекеттік санитар дәрігері алғашқылардың қатарында екпе салдырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес өңірде 8 мыңдай медицина қызметкері, 23412 педагог, 39605 студент, жүрек-қан тамырлары жүйесі және тыныс органдары ауруларымен диспансерде тұратын 100926 адам, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелердің 2471 қызметкері және жабық балалар ұйымдарының 156 маманы екпе салдыратын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да санитарлық талаптарды бұзғандарға 50-ден астам хаттама толтырылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар