Батыс Қазақстанда ағалы-інілі екі бала жоғалып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ағалы-інілі екі бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақжайық ауданы Жанама ауылында кеше сағат 15.30-да орын алған.

2014 жылы 2 қазанда дүниеге келген Нұрислам мен 2017 жылы 23 қарашада туған Бексұлтан Орынбасар өз үйінің ауласында ойнап жүрген. Үй шаруасында жүрген анасы оларды соңғы рет сағат 15.00 шамасында байқаған, ал балалардың әкесі жұмыста болған. Содан кейін ата-ана, тума-туысқандары жергілікті тұрғындармен кешкі 20.30-ға дейін өз бетімен іздестірген. Таба алмаған соң Тайпақ полиция бөліміне хабарлаған.

Хабарды естігеннен кейін оқиға орнына Оралдан БҚО полиция департаментінің басшылары бастаған арнайы топ барды.

Ауылдан бір шақырым жерде Қарасу өзені де бар.

Жоғалған балалар туралы білетіндер болса, 102, 112, 8-777-075-16-72, 8-702-526-91-75, 8-777-914-10-34 телефондарына хабарласуға болады.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі құтқарушылардың да екі баланы іздестіріп жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар