Батыс Қазақстанда алдағы күндері жел күшейеді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 6 қазанда күндіз, 7 қазанда тәулік бойы өңірдің кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Орал қаласында 7 қазан күні оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандар, электр және байланыс желілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.