Батыс Қазақстанда артиллериялық снарядтар табылды

ОРАЛ. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Желтоқсанның 8-інде «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде БҚО-ның Бөкей ордасы ауданы Шоңай ауылының тұрғыны, зейнеткер Ермұхан Ғұмаровтың ауласы маңынан артиллериялық снарядқа ұқсас он зат табылды.

Батыс Қазақстанда артиллериялық снарядтар табылды

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, полиция полковнигі Фатихолла Маштақовтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, мұның екеуі ұзындығы 48 сантиметр, диаметрі 12 сантиметр артиллериялық снаряд, сегізі әуе ракетасының қалыбы болып шықты.

Снарядтар табылған жер қоршауға алынып, оларды жою үшін Оралдан БҚО ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы қызметінің саперлер тобы аттандырылды.