13:03, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ауа райы күрт суытты
ОРАЛ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ауа райы кешеден бері күрт суытты.

Осыған орай БҚО жол полициясы қызметкерлері де жол бойында қырағылық танытуда. Автокөлік сына қалған жағдайда суыққа ұрынуға және қарақшылық шабуылдарға жол бермеу мақсатында жол полицейлері республикалық маңызы бар жолдарда ауыл шаруашылығы тауарларын тиеген жүк көліктерін тоқтатып, оларды топтап жіберуде.