Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты екі жол жабық тұр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық трассалар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты екі жол жабық тұр

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке қарағанда Батыс Қазақстан облысында төменде көрсетілген учаскелерде кеше түнгі сағат 23.00 бері автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген:

- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» күре жолының Орал қаласынан РФ шекарасына дейінгі аралық;

- «Самара-Шымкент» тасжолының РФ шекарасынан Орал қаласына дейінгі аралығы.

Жолды жабуға ауа райының күрт нашарлауы себеп болған.