Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес 18 желтоқсан күні облыстың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Облыс орталығы Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ электр және байланыс желілерінің үзілмеуін қамтамасыз ету бағытында шаралар алынып жатқандығын хабарлады.

Айта кетейік, өңірде тұман түсетіні туралы бұдан бұрын да бірнеше күн бойы ескерту жарияланған болатын.