Батыс Қазақстанда ауа райына қатысты тағы да ескерту жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 29 шілде күні өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда ауа райына қатысты тағы да ескерту жарияланды

Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ бұршақ жаууы да ықтимал.

Оралда да найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында ескерту жарияланғанын жеткізді.

Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілді.