Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 16 желтоқсан күні жергілікті сағат 20.30-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Атырау (Орал қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жолдың жабылу себебі – жаңбыр, тұман, көктайғақ.

БҚО ТЖ департаменті сонымен қатар 17 желтоқсан күні облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болатыны жөнінде ескерту жарияланғанын жеткізді.

Қазіргі кезде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.