Батыс Қазақстанда ауылдық клуб өртеніп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауылдық клуб өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда ауылдық клуб өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 қараша күні Бөкей ордасы ауданында болды.

Сағат 07.42-де Орда ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылында орналасқан мәдениет ошағының төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Өрт аумағы 236 шаршы метрді құрады.

№26 өрт сөндіру бекетінің күшімен (3 адам, 1 техника) «тілсіз жау» сағат 09.27-де оқшауланып, 10.23-те толықтай жойылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.