Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, 66 жастағы әйел көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, 66 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, 66 жастағы әйел көз жұмды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 сәуір күні сағат 17.19-да Ақжайық ауданы аумағында болды.

Орал-Атырау жолының 205-шақырымында (трассалық- медициналық құтқару бекетінен 80 км қашықтықта) «Ниссан» автокөлігі жолдан шығып кетіп, аударылған.

Жол-көлік оқиғасы орнынан 1954 жылғы әйел мен 1957 жылғы ер адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнына 4 қызметкер 1 техникамен барды. Зардап шеккендер – Ақтөбе облысының тұрғындары.

19 сәуір күні әйел ауруханада қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 2,4 тонна балықты заңсыз тасымалдаған екі автокөліктің ұсталғанын жазған болатынбыз.