Батыс Қазақстанда автокөлік полиция қызметкерін қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні сағат шамамен 01.30-да Ақсай-Шыңғырлау жолының 59-шақырымында, Ащысай ауылынан 3 км жерде 1974 жылғы жүргізуші «Фольксваген-Гольф» автокөлігімен 1990 жылғы жаяу жүргінші, полиция аға сержанты, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі жол-патрульдік взводының полицейін қағып кетті,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Батыс Қазақстанда автокөлік полиция қызметкерін қағып кетті

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апаты салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапқан.

Медициналық куәландыру бойынша аталған жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.