Батыс Қазақстанда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы өткізілді

ОРАЛ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы өткізілді.

Батыс Қазақстанда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы өткізілді

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, іс-шараға ішкі істер және басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардан 1061 адам жұмылдырылып, жедел топтар құрылды.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, оқу орындарында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған 432 іс-шара өткізілді. Осы кезеңде әйелдерге қатысты ауыр қылмыстар тіркелген жоқ. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 79-5 бабына сәйкес 80 адам жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі облыстық орталық та денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, арнайы дөңгелек үстел отырысын өткізді.