Батыс Қазақстанда айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 10-14 шілде аралығында облыс аумағында «Қару» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілген.

Шара кезінде бұрын ішкі істер органында тіркелмеген тегіс ұңғылы 4 мылтық пен бір оқ-дәрінің заңсыз сақталғаны анықталды.

Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін 139 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұрын тіркелгенімен, айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді.