16:02, 18 Қаңтар 2011 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Азия ойындарына орай шаралар ұйымдастырылуда
ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Азия ойындарына орай шаралар ұйымдастырылуда.

Облыстық білім басқармасы қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Луара Батырғалиеваның хабарлағанындай, 20 қаңтар күні барлық облыс мектептерінде Азиадаға арналған ашық тәрбие сағаттары өткізіледі. Осыған орай мектептерге «Азиада kz менің Қазақстаным» атты таспа мен кітапша жіберілді. Белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Владимир Салов онлайн жүйесінде сабақты қалай жүргізу керектігі жөнінде кеңес берді.
Бұл күндері басқа да мәдени-спорттық шаралар Азиада құрметіне өткізілуде.