Батыс Қазақстанда балықтардың өлу оқиғасы орын алды
ОРАЛ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы Сарышығанақ көлінде балықтардың өлу оқиғасы орын алды. Бұл туралы шілденің 30-ында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімнің айтуынша, ұзындығы екі шақырым, ені жүз метр болатын көлдің солтүстік-шығыс бөлігінде шортан, көксерке балықтары қырылып қалған. Кеше арнайы құрылған комиссия барып, мән-жайға қанығып келді. Судың улануы мүмкін емес. Өйткен жағдайда балықтың көп бөлігі өліп қалар еді. Әзірге күннің аптап ыстығынан су қатты ысып кеткендіктен, балық судың бетіне қалқып шықты деген болжам бар.
Қазір аталмыш оқиғаның себеп-салдары анықталуда.